USD
USD
USD

Чехия президентін сайлау: отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті

Чехияда президентті сайлаудың екінші туры өтіп, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чехия президентін сайлау: отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петр Павелдың екінші турдағы қарсыласы экс-премьер-министр Андрей Бабиш болды. Петр Павелға сайлауға қатысқандардың 58%-ы, ал Бабишқа 42%-ы дауыс берген.

Петр Павел - Чехия және бұрынғы совет блогының құрамында болған елдер тарихында НАТО-ның әскери комитетін басқарған ( 2015–2018 жылдары) тұңғыш әскери қызметкер. 61 жаста. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қатаң айыптаған, Чехияның Батыспен қарым-қатынасы күшейгенін қолдайды. Енді Петр Павел президент лауазымына 2023 жылғы 9 ақпанда кіріседі.

Еске салайық, Чехияда президентті сайлаудың алғашқы туры 2023 жылғы 13-14 қаңтарда өтті. Бұл кезде Петр Павел мен Андрей Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50%-ға жетпеді. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар