USD
USD
USD

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы чайлдфри, яғни саналы түрде балалы болудан бас тартуға қатысты үкім шығарды.

ҚМБД
Фото: ҚМДБ

Астана, NEGE. Мүфтият өкілдері чайлдфри идеологиясы отбасы институтын әлсіретіп, қоғам мен ұлттың болашағына кері әсер тигізетінін әрі шариғат тұрғысынан құпталмайтынын айтып, Құраннан мысал келтіреді.

«Бұл идеология адам болмысына қайшы. Үйлену және ұрпақ сүю – табиғи құбылыс. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: "Адам баласы үшін әйелдерді, балаларды, алтын күмістен жиналған қазыналарды, сәйгүліктерді, малдар және егіндерді құмарта сүю әсем көрсетілген. Бұлар – дүние тіршілігінің қызығы". Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне қайшы», – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде.

Дін мамандары чайлдфри (ағылш. childfree – «баласыз өмір») жақтаушылары балаларды жек көрмейтінін, алайда олар көбіне бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашуды, қосымша жауапкершілікті мойнына алмауды алдыңғы орынға қоятынын алға тартады.

Діни басқарма өкілдерінің түсіндірунше, исламда балалы болу – ерлі-зайыптыларға ортақ құқық, сондықтан олардың бірі бала сүюді қаласа, екінші тарап оған тыйым сала алмайды. Бұл ретте дін мамандары тек бала тәрбиесіне дайындалу немесе денсаулықты қалпына келтіру сынды орынды себептермен жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға рұқсат етілетінін алға артады.

«Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болуы және қолданылатын тәсілдердің денсаулыққа зиян келтірмеуі шарт. Ал тек жауапкершіліктен қашу немесе кедейліктен қорқып жүктіліктен әдейі бас тарту шариғатта құпталмайды. Сондай-ақ ұрпақсыздыққа әкелетін, жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдер шариғатта харам болып саналады», – делінген мүфтият жариялаған хабарламада.

Осы айтылғандар негізінде ҚМБД мынадай шешім шығарып отыр:

  1. Чайлдфри идеологиясы ислам шариғатына, адам табиғатына және неке мақсатына қайшы.
  2. Жүктілікті болдырмау немесе кейінге қалдыру тек мәжбүрлі және шариғат талабына қайшы келмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
  3. Әдейі жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдерге тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісі 35 шақырымға жеткен

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті