USD
USD
USD

Charlie Hebdo пайғамбар туралы карикатураны қайта жариялады

Францияның сатиралық Charlie Hebdo журналы Мұхамед пайғамбар туралы карикатура жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Charlie Hebdo пайғамбар туралы карикатураны қайта жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның жаңа шығарылымы 2015 жылдың қаңтарында Charlie Hebdo апталық редакциясында және Hyper Cacher супермаркетінде жасалған шабуыл бойынша сот процесінің басталуы қарсаңында онлайн режимде қолжетімді болды. Бұл іс бойынша сот тыңдалымы 2 қыркүйекте басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады.

"2015 жылдың 7, 8 және 9 қаңтарындағы терактілер туралы арнайы шығарылым", - деп жазылған газет парақшасында.

Еске салайық, бастапқыда пайғамбарды бейнелейтін 12 карикатура 2005 жылдың 30 қыркүйегінде Данияның Jyllands-Posten газетінде жарияланған болатын. Charlie Hebdo сатиралық басылымы бұл карикатураны қайта басып шығарып, шу шығарған еді. Бұл карикатура діни сенушілердің наразылығын туғызып, ал басылым редакторы Филип Валь 2007 жылы сот алдына келген еді. Бірақ ақталып шыққан болатын. 

Содан 2015 жылдың 7 қаңтарында Францияда Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуылдар жасала бастады. Үш күннің ішінде 17 адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қай өңірдің тұрғындары көбіне зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді?

жұмыс

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

ит

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Балалар

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Ауа райы