USD
USD
USD

Cерік Теміржанов Азия чемпионатында күміс медаль алды

Азия чемпионатында Серік Теміржанов күміс жүлдегері атанды. 

Cерік Теміржанов Азия чемпионатында күміс медаль алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Cерік Теміржанов күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Құрлықтық додада 57 келіде сынға түскен Cерік Теміржанов финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковке есе жіберді. Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсті. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.

Ал, Сәкен Бибосыновқа (51 келі) өзбекстандықтар Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды. Нәтижесінде күміс медальді қанағат тұтты.

Қазақстандық боксшы 2021 жылы Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен аталған қарсыласын қапы қалдырып кеткен болатын.

Енді ел құрамасынан тағы алты боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова