USD
USD
USD

«Central Asia's Got Talent» финалдық бәсеке

Бүгін «Central Asia's Got Talent» шоуының жеңімпазы анықталады.

«Central Asia's Got Talent» финалдық бәсеке
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Яғни, Орта Азиядағы ең таланатты адамның есімі белгілі болады. Өнер жарысы жарты жылға созылып, мыңдаған адам бақ сынады. Жалпы бұл жоба әлемнің 70 елінде көрсетіледі. Жүзден жүйрік шыққан өнер иесі 10 млн теңге жүлдені алады.

Одан бөлек, 4 елдің қатысушылары арасынан бір үздік анықталып, 3  млн теңгеден беріледі.

Шоудың финалдық сайысын «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

Біздің елде өткен шоуға Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан таланттылар келді.

Жобаның мақсаты – танылмай жүрген таланттарды тауып, жұлдызын жағу. Шешуші сынға 12 адам өтіп, олар Бейбітшілік және келісім сарайында дайындықтарын пысықтап жатыр.

"Нұр-Сұлтан қаласына келген бойда дайындықты бастадық. Басында уақытымыз тығыз болып, уайымдап едік. Қазір бәрі жақсы. Қызу дайындыққа кірістік. Бұған дейін бірнеше байқауға қатысқан болатынмын. Испанияда, Латвияда өнер көрсеттім. Алайда, мен үшін ауқымы кең, күрделі байқау осы болайын деп тұр. Қатты толқып жүргенім рас. Жеңістен үмітім бар", – дейді жобаға қатысушы Далер Шафхатов. 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.