USD
USD
USD

Cенатор: Мемлекет бөлген қаржы шаруаларға жетпейді

Мемлекеттік қолдау ретінде бөлінген қаржы аграрлық салаға жетпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cенатор: Мемлекет бөлген қаржы шаруаларға жетпейді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нәтижесінде делдалдардың кесірінен халық ауылшаруашылық өнімін қымбатқа алуға мәжбүр. 2017-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын 60 млрд теңгенің жеңілдік несиесі бөлініп келген. Былтыр бұл қаржы тіпті 70 млрд-қа жеткізілген.

Сенатор Сұлтан Дүйсембиновтың айтуынша, мұндағы несие алушылардың көбі алыпсатар компаниялар қатарынан. Олар фьючерлік келісімшарт жасап қана 30%-тік табысқа кенеліп отырады. Осылайша, демеу қаржының қомақты үлесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолына жетпейді. Оған қоса, субсидия бөлудің тетігі түсініксіз, бармақ асты, көз қысты әрекеттер жасауға қолайлы. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғалы бері 144 қылмыстық іс қозғалған. Сенатор Андрей Лукиннің мәліметі бойынша мемлекетке 2,1 млрд теңге көлеміндегі зардабы тиді. Осы ретте аграрлық саланы субсидиялау жүйесін жетілдіру ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші