USD
USD
USD

Cемейде «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, жаяу жүргіншіні мерт қылды

Семей қаласында «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Cемейде «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, жаяу жүргіншіні мерт қылды
Фото: NEGE.kz

Семей, NEGE. Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. Семей қаласындағы Өскемен көшесінде келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесі кенеттен ажырап кеткен.

Соның салдарынан тіркеме жол жиегіндегі 20 жастағы ер адамды қаққан. Қала тұрғыны оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе