USD
USD
USD

Cемей тұрғыны 15 млн теңгенің есірткісімен ұсталды

Семей қаласының тұрғынынан 15 мың теңгенің есірткісі тәркіленді.

Cемей тұрғыны 15 млн теңгенің есірткісімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті шаһардағы шағын аудандардың бірінде пәтер жалдаған. Сонымен қатар ол марихуана тасымалдау үшін автокөлік жалдаған.

«Полиция қызметкерлері оның схемасын ашып, жалға берілетін пәтердің мекен-жайын, аз мөлшерде есірткі сатып алушылардың кім екенін анықтады. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде марихуана салынған үш қорап тәркіленді», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 54 келіні құрады. Оның қара нарықтағы құны - 15 миллион теңге.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ер адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан