USD
USD
USD

Cауд Арабиясының мұрагер ханзадасы хакер ме?

Cауд Арабиясының мұрагер ханзадасы әлемнің ең бай адамдарының бірі Джефф Безостың смартфоныннан мәлімет ұрлады деген күдікке ілінді.

Cауд Арабиясының мұрагер ханзадасы хакер ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Интернет-сауда бизнесіндегі ең ірі компания – Amazon-ның иесі, миллиардер Джефф Безос  Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы  Мұхаммед бен Салманнан келген хабарламаны ашқан кезде хакерлік шабуылға ұшыраған. 56 жастағы Безос пен ханзада WhatsApp арқылы сөйлесіп отырған кезде, миллиардерге видеохабарлама келеді. Хабарламада мобильді телефонға кіріп, ондағы мәліметтерді ұрлайтын жасырын бағдарлама болған деген күдік бар.  Бұл оқиға 2018 жылдың 1 мамырында болған екен. АҚШ басылымдары хакерлер бірнеше сағаттың ішінде Безостың телефонынан маңызды мәліметтерді ұрлаған деп хабарлауда. Бірақ қандай ақпарат қолды болғаны туралы айтылмаған.  Бұл дауға қатысты Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшілігі түсініктеме беріп, Джефф Безостың телефонын бұзып, одан мәлімет ұрлағандар корольдікпен байланысты деген күдікті жоққа шығарды.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт