Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Cайлауда онлайн дауыс берілмейді

Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау дәстүрлі қағаз форматында – бюллетеньдер арқылы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді,

Cайлауда онлайн дауыс берілмейді
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  Бар ерекшелігі, біз сайлауды пандемия жағдайында өткіземіз. Біз жазда Сенатқа сайлауды пандемия жағдайында өткіздік, бірақ ол жанама сайлау еді, сондықтан оны өткізу оңайырақ болды. Covid-ті ескерсек, мен бұл мәселенің қайдан шыққанын білмеймін, бірақ сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі. Бізде онлайн дауыс беру қарастырылған емес. Поштамызға да көпкүндік дауыс беруге қатысты сұрақтар келіп жатады, бірақ біздің заңымызда ондай нәрселер жоқ, - деді Имашев.

Оның айтуынша, бұл сайлау әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдерін пайдалану арқылы өтеді.

Яғни, бұл сайлау да бұрынғы сайлаулар сияқты үйренген әдісімізбен өтеді, - деп сөзін түйіндеді ол.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі