USD
USD
USD

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады. Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді. Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;

сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;

ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;

мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;

жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;

мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы