USD
USD
USD

БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын айтып жатыр.

БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және «зейнетақыны қайта есептеу керек» деген желеумен деректемелерін беруді өтінеді. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады» делінген хабарламада.

БЖЗҚ мұндай хабарлама жібермейтінін және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді.

Ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан, қарап тексеру керек.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті