USD
USD
USD

«БЖК-2025» аясында 10 млрд теңге грант берілді

Осы жылдың 7 айында 25 мыңнан астам жобаны жеңілдікпен қаржыландыруға 801 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты. 

«БЖК-2025» аясында 10 млрд теңге грант берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы, осы жылдың 7 айында «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 801,2 млрд теңге сомаға 25,3 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландырылды. Оның ішінде: жалпы кредит сомасы 600 млрд теңге астам 14,4 мыңнан астам жоба субсидияланды; жалпы кредит сомасы шамамен 200 млрд теңгеге жуықтайтын 11 мың жобаға кепілдік берілді. Экономиканың зардап шеккен саласында жалпы кредит сомасы 50 млрд теңгеден астап 460 астам жоба субсидияланды. 62 млрд теңге сомасында 10 мыңнан аса микрокредит берілді», – деді Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, «БЖК-2025» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап 10 млрд теңге сомасына 4,1 мыңнан астам мемлекеттік грант берілді.

«Сонымен қатар 160 млрд теңге сомасына бизнес жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 930 жоба іске асырылды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Тоқаев, Трамп

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

.

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Temu

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату