USD
USD
USD

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Құрылтай депутаты Айдос Сарым ауқатты азаматтарға салынатын салықты арттыруды қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл – бюджет кірісін көбейтудің ғана емес, қоғамда әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің де жолы.

Айдос Сарым
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Журналистер Айдос Сарымнан халық қалаулыларының өздері жоғары салық төлеуге дайын ба деп сұрады. Сарым Құрылтайда аса бай депутаттардың көп емес екенін алға тартты.

«Олар көп емес. Кімді айтып отырсыз? Атын атаңыз. Бұрынғы құрамның бәрін білетінмін, қазіргі құрамды да білемін», – деді ол.

Депутаттың пікірінше, Құрылтай мүшелерінің басым бөлігі орта тапқа жатады. Олардың арасында кәсіпкерліктен келгендер де бар.

Сарым орта тапты тек жалақы мөлшерімен анықтау дұрыс емес деп есептейді. Оның айтуынша, адамның жинағы, сақтандыруы және қиын жағдайда отбасын асырауға жететін қаржысы болуы маңызды.

Айдос Сарымның айтуынша, ауқатты азаматтар қоғамның аз бөлігін құрағанымен, олардың тұрмысы мен табысы көпшіліктің назарында. Сондықтан депутат байлыққа деген көзқарасты өзгертіп, табысы жоғары адамдарға салық салу мәселесін әділ шешу қажет деп санайды.

Ол әсіресе қымбат көлік пен жеке ұшақ сатып алуға мүмкіндігі бар азаматтарды мысалға келтірді. Депутаттың пікірінше, мұндай ірі сатып алулар адамның айтарлықтай табысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан олардың салық жүктемесін де ескеру керек.

«Бізде адамдар күн сайын Bombardier ұшағын сатып алып жатқан жоқ қой. Ал егер сатып алса, демек, ақшасы бар, белгілі бір жағдайлардың арқасында жоғары табыс тауып отыр. Мұны да қарастыру керек», – деді депутат.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ірі байлық иелеріне жоғары мөлшерлемемен салық салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Қазір оқып жатыр

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Кредит

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды

Тоқаев