«Біз Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарын асыға күтеміз» – Дмитрий Песков
Қараша айына жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына бірінші мемлекеттік сапарына дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан-Ресей медиафорумында РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Астана, NEGE. – Біз қараша айына Ресей Федерациясына жоспарланған ҚР Президентінің мемлекеттік сапарына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дайындық әртүрлі бағытта жүргізіліп жатыр – дипломаттар, парламенттер мен БАҚ бірлесе жұмыс істеуде, – деді Кремль өкілі.
Ол алдағы шараның маңыздылығы мен ауқымдылығына тоқталып, оның барлық тараптар үшін үлкен жауапкершілік екенін айтты.
– Жауапкершілік өте үлкен және біз сапарды асыға күтеміз. Жоғары деңгейлі байланыстар барысында пысықталатын құжаттардың қомақты пакеті дайындалып жатыр, – деп қосты Дмитрий Песков.
Оның айтуынша, қабылдаушы мемлекет сапардың жоғары деңгейде өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
– Біз сапардың сәтті болатынына сенімдіміз. Қабылдаушы ел ретінде біз барлығын барынша жоғары деңгейде жасауға дайындалып жатырмыз, – деді ол.
Медиафорум барысында Дмитрий Песков сондай-ақ Ресей мен Қазақстан екі тәуелсіз мемлекет болғанымен, тарихи мұрасы ортақ екенін және бірлесе даму әлеуетіне ие екенін айтты.
Айта кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда ІІ Қазақстан-Ресей медиафорумы өтті.
Қазір оқып жатыр
«Батамды бердім»: Мұхтар Жәкішев күйеу баласының ұлтын сынағандарға жауап берді
ЕАЭО-ға мүше екі елдің нақты табысы төмендеген, оның ішінде Қазақстан да бар
Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған
Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?