USD
USD
USD

Біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған жиында еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану мәселесін көтерді.

akorda.kz
Фото: akorda.kz

Астана, NEGE. Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек.

«Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Мемлекет басшысы осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн екенін айтады.

«Біз заманауи үлгідегі "таза көмір" технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың барлығына "таза көмір" технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың іске асуы әбден созылып кетті», – деді ол. 

Президент "таза көмір" технологиясын енгізуді ары қарай күтуге болмайтынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі