USD
USD
USD

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Түркістан облысында «Тұран» футбол клубын небары 737 мың теңгеге сатқалы жатыр. Ал соңғы бес жылда бұл клубты қаржыландыруға мемлекеттік қазынадан миллиардтаған теңге бөлінген.

.
Фото: pflkaz/Instagram

Астана, NEGE. Аукцион 20 наурызға жоспарланған.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Тұран» турнир кестесінде соңғы орын алып, жоғары дивизионнан Бірінші лигаға түсіп қалған. Клубты сатып алатын жаңа инвестор 2027 жылы команданы қайтадан Премьер-лигаға шығарып, сол жерде тұрақтауын қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ ол клубтың негізгі бағытын сақтап, қазіргі қызметкерлер құрамын қысқартпай, өз қаражаты есебінен инвестиция салуы керек. Бұған қоса, жасөспірімдерге арналған футбол академиясын құрып, әйелдер командасын дамыту міндеті де қарастырылған. Клубты сенімгерлік басқаруға беруге немесе басқа біреуге сатуға болмайды.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылдан бері «Тұран» клубының жұмысына бюджеттен шамамен 7 млрд теңге бөлінген.

Бұған дейін «Тұранды» FlyArystan компаниясы сатып алуы мүмкін деген ақпарат тараған, алайда әуекомпания мұны теріске шығарды.

Футбол саласына жақын дереккөздердің B1rinshibol жобасына берген мәліметіне сәйкес, клубты сатып алу мүмкіндігін қазақстандық кәсіпкер Дінмұхаммед Ыдрысов қарастырып отыр. Forbes Kazakhstan журналының рейтингінде ол елдегі ең бай 75 кәсіпкердің арасында 18-орында тұр. Оның дәулеті шамамен 563 млн доллар деп бағаланады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Тоқаев, Трамп

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Temu

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату

ҰҚК: Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған

Күдікті