USD
USD
USD

Бюджетке көлеңкелі экономикаға қарсы күрес есебінен 1,28 трлн теңге түсті

Парламент Мәжілісінде Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев кірістер бойынша жылдық жоспар 97,2%-ға орындалғанын, бюджетке 19,6 трлн теңге түскенін хабарлады.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Толықтыру көздерінің бірі көлеңкелі айналымды қысқарту және фискалдық бақылаудың цифрлық құралдарын енгізу жөніндегі шаралар болды.

«2024 жылы экономикадағы көлеңкелі айналымды қысқарту, оның ішінде фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру жұмыстары жалғасуда, осы арқылы бюджетке қосымша 1 трлн 280 млрд теңге түсті. 2023 жылмен салыстырғанда 349 млрд теңгеге немесе 37%-ға көбейді», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның айтуынша, шамамен 377 млрд теңге тексеру актілері бойынша салықтар қоса есептеліп, камералдық бақылау қорытындысы бойынша, бюджетке 262 млрд теңге өндіріп алынды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар