USD
USD
USD

БҰҰ: Украинадағы қарулы қақтығыстан бейбіт халық арасында шығын көп

  Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 726 бейбіт тұрғын қаза тауып, 1 мыңнан аса адам жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ: Украинадағы қарулы қақтығыстан бейбіт халық арасында шығын көп
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марқұмдардың 52-сі – бала. БҰҰ Саяси мәселелер жөніндегі  бөлімінің басшысы Розмари Дикарло Қауіпсіздік кеңесінде осылай деп мәлімдеп, бұл әрекеттерді тыңғылықты тексеруді және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Оның айтуынша, бейбіт халық арасында құрбандар саны мен азаматтық инфрақұрылымға келтірілген шығын орасан зор. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 43 емдеу орнына шабуыл жасалғанын айтады. Салдарынан 12 адам көз жұмып, ондаған тұрғын жараланған.

Розмари Дикарло, БҰҰ саяси мәселелер жөніндегі бөлімінің басшысы:

–  Шын мәнінде қарулы қақтығыстан қаза тапқандар мен жараланғандар ресми ақпардан әлдеқайда көп. Себебі елді мекендер ауқымды қарулармен атқыланып жатыр. Салдарынан жүздеген үй мен аурухана, мектептер талқандалып бүлінген.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян