USD
USD
USD

БҰҰ: Украинада 3280 адам қаза болды

Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына екі айдан астам уақыт өтті.

БҰҰ: Украинада 3280 адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ-ың ақпарына сай осы уақыт аралығында 3280 адам қаза болып, тағы 3,5 мың тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл сан күн өткен сайын артып барады. Мерт болғандардың арасында балалар көп. Ұйымның адам құқығы жөніндегі өкілі қаза болғандардың саны ресми мәлімдемеге қарағанда әлде қайда артық болуы мүмкін дейді. Мәселен, кей өңірлермен байланыс болмағандықтан ақпарат алмасу қиынға соғуда. Одан бөлек ізім-ғайып жоғалған 180-нен астам адамның тағдыры беймәлім. Олардың арасында билік өкілдері, журналистер мен қоғам белсенділері де бар.

Мишель Бачелет, БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Украинадағы жағдай ушығып барады. Әуе шабуылдарынан қаза тапқан және жарақат алғандардың атары көбеюде. Шын мәнінде олардың саны ресми деректерге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін. Зорлық-зомбылықпен кепілге түскендерді іздестіріп жатырмыз. Олардың арасында тілшілер, әскери қызметкерлер мен билік өкілдері бар. Жуырда 180 адамның бесеуі көз жұмғанын білдік.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру