Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҰҰ: Тәжікстанда 1700-ден астам медициналық қызметкер COVID-19 вирусын жұқтырған

Тәжікстанда 1700-ден астам медициналық қызметкер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл науқастардың үштен бір бөлігі. Осылай деп БҰҰ мәлімдеді. 

БҰҰ: Тәжікстанда 1700-ден астам медициналық қызметкер COVID-19 вирусын жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, коронавирус жұқтырғандардың 619-ы дәрігер, 548-і медбике екенін айтты. Вирус жұқтырып алуға негізінен індет тараған алғашқы күндері қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі себеп болған. Тәжікстан билігі елінде коронавирус анықталғанын 30 сәуірде мойындады. Тәуелсіз ақпарат құралдары наурыз айында-ақ елде індет белгілері шыға бастағанын хабарлаған.

БҰҰ мәліметінше, қазір Тәжікстанда вирусты анықтайтын алты зертхана істеп жатыр. Тәулігіне 450-500 адамнан тест алады.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда 11 маусымдағы көрсеткіш бойынша, 4834 адам вирус жұқтырған, оның 49-ы қайтыс болған. Бірақ көпшілігі бұл статистика шындыққа сәйкес келмейді деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді