USD
USD
USD

БҰҰ тәліптерді уәдесінде тұруға шақырды

БҰҰ "Талибан" қозғалысы өкілдерін (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) ауғандарға берген уәдесін орындауға және олардың құқығын бұзбауға шақырды.

БҰҰ тәліптерді уәдесінде тұруға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ тәліптерді уәдесіне емес, "әрекетіне" қарай бағалайтынын айтты. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілі Руперт Колвилл соңғы бірнеше күнде "Талибан" шенеуніктері бірнеше мәлімдеме жасағанын айтты. Олар бұрынғы үкіметте жұмыс істегендердің бәріне рақымшылық жасауға уәде берді, сондай-ақ халықты әйелдер жұмыс істей алатынына, қыздар мектепке баратынына сендірді.

"Бұл уәделер орындалуы керек. Бүгінде бұрын болған жағдайды ескерсек, бұл мәлімдемелерге күдік туады. Соған қарамастан, уәде берілді және олардың орындалуы қатаң бақылауда болады", - деді ол.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Мужахид Кабулды басып алғаннан кейін топтың алғашқы баспасөз мәслихатында қазіргі "Талибанның" 20 жыл бұрынғыдан өзгеше екенін айтты: Ауғанстанда билікке қол жеткізгеннен кейін тәліптер адам құқықтарын, оның ішінде әйелдерді қорғауға уәде береді. 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park