Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҰҰ: Талибан берген уәделерін бұзды

 «Талибан» өздерінің берген уәделерін бұзды, оның ішінде әйелдер құқығына қатыстылары бар, деп мәлімдеді БҰҰ.

БҰҰ: Талибан берген уәделерін бұзды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. БҰҰ -ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Ауғанстанның Талибан билікті қолына алғаннан бері «жаңа және қауіпті кезеңде» тұрғанын, бұл елдегі көптеген әйелдер мен этникалық және діни бірлестіктер мүшелерінің қатты алаңдаушылығын тудырып отырғандығын айтты. Бачелет «Талибан» үкіметінің құрамында әйелдердің жоқтығын және этникалық пуштундардың басым екенін атап өтті.

«Талибан әйелдер құқығын қорғайды деген сенімдерге қарамастан, соңғы үш апта ішінде әйелдер біртіндеп қоғамдық ортадан шеттетілді», – деді ол Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі халықаралық конференцияда. БҰҰ комиссарының айтуынша, кейбір жерлерде 12 жастан асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салынды, ал әйелдер үйде болуы тиіс. Ол сондай-ақ бұрынғы үкіметтің шенеуніктері мен қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне рақымшылық жасауға берген уәделерінің де орындалмағандығын атап көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов