USD
USD
USD

БҰҰ комиссиясы: Ресейдің Сириядағы әскери қылмыстарға қатысы бар

БҰҰ-ның Сириядағы әскери қылмыстарды зерттеген тәуелсіз комиссиясы Ресейдің улы затпен әуеден соққылауға қатысы барын дәлелдейтін мәлімет тапты. Әуе соққысынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан еді.

БҰҰ комиссиясы: Ресейдің Сириядағы әскери қылмыстарға қатысы бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады. Газет мәліметі бойынша, БҰҰ мамандары Ресей әскерилерінің әскери қылмысқа қатысы барын бірінші болып әшкереледі.​

Арнайы комиссия баяндамасында 2019 жылы Мааррат-эн-Нууман қаласындағы базарға әуеден жасалған шабуыл туралы тың мәліметтер жарияланды. Базарға екі мәрте шабуыл жасалған делінген баяндамада. Екінші шабуыл кезінде алғашқы шабуылдан зардап шеккендерге көмектесуге барғандар зардап шеккен. 43 адам қаза тапты, олардың арасында төрт бала бар. Ал Хас қаласындағы босқындар лагеріне жасалған әуе соққысынан 20 адам қаза тапты.

«Ресей ұшақтары шабуылдардың екеуіне де қатысты деуге негіз бар» делінген есепте.

The Guardian газеті Вашингтондағы Таяу Шығыс институтының сарапшысы Чарльз Листердің сөзін келдірді. Ол БҰҰ мамандарының қорытындысын өте маңызды деп атады, өйткені бұл ұйым мұндай шабуылдарға жауаптыларды өте сирек атайды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме