Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҰҰ: Кей елдер коронавирусты сөз бостандығын тұншықтыру үшін пайдаланып жатыр

Кей елдер коронавирусты журналистерді қудалау үшін пайдалануда, деп хабарлады Біріккен ұлттар ұйымының баспасөз қызметі.

БҰҰ: Кей елдер коронавирусты сөз бостандығын тұншықтыру үшін пайдаланып жатыр
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Кей елдер жаңа коронавирустың өршуін ақпарат ағынын шектеу және өз атына айтылған сынды тоқтату үшін пайдалануда. Тәуелсіз басылым бүкіл уақытта да керек, бірақ бүгінгі таңда, пандемия кезінде, соншама адамдар оқшауланып, өз денсаулықтары мен экономикалық жағдайлары үшін қауіптеніп отырғанда, біз оған бұрынғыдан да көбірек мойынсұнамыз. Тексерілген және расталған ақпарат көзі – біздің бар үмітіміз», - деді БҰҰ адам құқығы жөніндегі Жоғары комиссары Мишель Бачелет.
Оның айтуынша, өздерінің мәлімдемелерімен кей саяси лидерлер журналистердің жұмысына кедергі келтіруде және олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.
«Халықаралық баспасөз институтының ақпарынша, пандемия басталғалы баспасөз жұмысына қатысты 130-дан астам бұзушылық тіркелген, оның ішінде 50-ден астамы цензура және ақпаратқа қол жетімділікті шектеу. Бүкіл әлем бойынша 40-қа жуық журналист пандемияға байланысты билік қабылдап жатқан шараларды сынға алғаны үшін немесе аурудың таралуы туралы ресми ақпардың растығына күмән тудырғаны үшін қамауға алынды», - деді БҰҰ Жоғары комиссары.
Ол «қамауға алынғандардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін», деп санайды.
«Сыни мақалалар жариялағаннан кейін журналистердің жоғалып кеткені немесе бұқаралық ақпарат құралдарының жабылғандығы туралы хабарлар да келіп жатыр. Қазір ақпаратты таратқан адамды кінәлайтын заман емес. Журналистреді қорқытып, сынмен күрескеннің орнына пандемия және оның салдары туралы конструктивті диалогты дамытуға мемлекет ықпал етуі керек. Халық өз өміріне қатысты шешімнің қабылдануына қатысуға құқылы, ал тәуелсіз баспасөз бұл процесте екі арадағы делдал болып табылады», - деді БҰҰ құқыққорғаушысы
Сонымен қатар БҰҰ еске салғандай, тәуелсіз баспасөз дәрігерлерге және басқа да қызметкерлерге халықты толғандыратын ақпаратымен бөлісетін мінбер ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА