USD
USD
USD

БҰҰ Бас хатшысы: Жаңа штамдардың қаупі туралы ескертті

 Бұл туралы сәрсенбіде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы: Жаңа штамдардың қаупі туралы ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемдік қауымдастық вирустың аса қауіпті штамдарының пайда болуына қауіп төндіретін коронавирустың қарқынды таралуын тоқтатуы тиіс. «Бүгін әлемде COVID-19 пандемиясының аясында тағы бір қайғылы рекорд орнатылды. Осы вирустың салдарынан төрт миллион адам қайтыс болды», – деді БҰҰ Бас хатшысы.

«Егер вирус орман өрті сияқты таралса, көптеген миллиондаған адамдарға қауіп төнеді. Ол неғұрлым көп таралса, соғұрлым жұқпалы, өлімге әкелетін және қолданыстағы вакциналардың тиімділігі азайтатын штамдар пайда болады», – деді Дүниежүзілік ұйымның басшысы.

Гутерриш сонымен қатар жаһандық вакцинация жоспарын жүзеге асыру үшін Төтенше жұмыс тобын құруға шақырды. Бас хатшының ұсынысына сәйкес, оған вакциналар шығаруға мүмкіндігі бар барлық елдер, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, вакциналар жөніндегі жаһандық альянс және тиісті фармацевтикалық компаниялармен және өндірушілермен жұмыс істеуге қабілетті халықаралық қаржы институттары кіруі керек.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол