Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҰҰ бас хатшысы: Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіді

Әлемде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты көптеген елдердің карантин енгізгені белгілі. Алайда, БҰҰ бас хатшысының айтуынша, мұндай оқшаулау шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуіне себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҰҰ бас хатшысы: Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Антониу Гутерриш карантин жағдайында көптеген әйел адамдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын мәлімдеді деп жазды ТАСС. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршуі жаһандық сипат алуда. Бас хатшы кейбір мемлекеттерде нәзік жандылардың екі есе жиі көмекке жүгінгенін атап өтті. Бұдан бөлек, халықаралық ұйымның бас хатшысы мемлекет басшыларына жүгініп, карантин жағдайларында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді сұрады. Оның пікірінше, бұл мәселе коронавирус пандемиясымен күресудің ұлттық жоспарлары шеңберінде қаралуы болуы тиіс. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда короновирус инфекциясы таралуының және соған байланысты оқшаулау шаралары енгізілуінің қазіргі жағдайларында азаматтарға психологиялық көмек көрсету мақсатында жаңа сайт іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА