USD
USD
USD

БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы сайланды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының уақытша төрағасы сайланды.

БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ Бас ассамблеясының залында Ассамблеяның 75-ші сессиясының төрағасы сайланды. Сайлау ерекше форматта өтті.

Әр елдің делегаты маска киіп, бір-біреуден ішінде ешкім жоқ бос залға келіп дауыс берді. Сосын олар тез арада БҰҰ штаб-пәтерінен кетіп қалды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша түрік дипломаты, саяси қайраткер Волкан Бозкыр БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, Бас ассамблея төрағасы бес аймақтық топ арасындағы ротация қағидасын сақтай отырып сайланады. 75-ші сессия төрағасы Батыс Еуропа мен сол маңайдағы басқа да елдер арасынан шығуға тиіс болатын. Ол елдердің қатарына Түркия да кіреді. Аталған аймақтық топ түркиялық дипломаттың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап ұсынған.

Одан басқа ешқандай үміткер болмағанда дауыс берудің қажеті болмас еді. Алайда бірнеше ел сайлау өткізуді өтінді. Нәтижесінде 178 елдің өкілі Волкан Бозкырды жақтап дауыс берген.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға