USD
USD
USD

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстан Украинаны қолдап дауыс берді

Ресейдің қарсылығына қарамастан Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында онлайн сөйлеу мүмкіндігіне ие болды, деп жазды inbusiness.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстан Украинаны қолдап дауыс берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тиісті шешімге 101 ел дауыс берген. Қазақстан қолдап дауыс бергендер қатарында. Ал көршілес елдер арасында Өзбекстан қалыс қалса, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан дауыс берген жоқ.

Украинаның БҰҰ жанындағы миссиясы мұндай рұқсат сұрауына себеп Ресей бастаған соғыс деп түсіндірді. Зеленскийдің сөз сөйлеуіне жеті ел қарсы дауыс берді.

Украина басшысының сөзі 21 қыркүйекке жоспарланған. Бұрын коронавирусқа байланысты БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйлеу онлайн режимінде өткізілсе, бұл жолы кездесу Нью-Йоркте офлайн режимде өтеді.

Өз кезегінде Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Зеленскийге рұқсат беруге қарсылық білдірді. Ресейден басқа қарсы дауыс бергендер: Беларусь, Куба, Эритрея, Никарагуа, Сирия, Солтүстік Корея сынды елдер.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан