USD
USD
USD

БҰҰ: Ауғанстанның тағдыры қыл үстінде

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді Ауғанстандағы гуманитарлық шараларды жүзеге асыру үшін қажетті барлық операцияларға рұқсат беруге шақырды, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

БҰҰ: Ауғанстанның тағдыры қыл үстінде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ басшысы сонымен қатар Ауғанстанға көмек көрсету бойынша маңызды операцияларды шектейтін кез келген ережелер мен шарттарды тоқтатуға шақырды. Ол елде миллиондаған адам аштықтан зардап шегіп жатқанын, білім беру мен әлеуметтік қызметтер құлдыраудың алдында тұрғанын, БҰҰ мен көмек көрсету топтарының мұқтаждарға жету мүмкіндігі шектелгенін атап өтті.

"Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейінгі алты айда елдің тағдыры қыл үстінде тұр. Ауған халқы жаппай дағдарысты бастан кешіріп жатыр, қыс келіп, күннің суығаны бұл жағдайды одан ары шиеленістірді. Бүгінде олар тозақта өмір сүріп жатыр", - деді ол.

БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ биыл ауған халқына көмектесу үшін 4,4 миллиард доллар сұрағанын еске салды. Сұралған қаражат азық-түлік пен ең қажетті тауарларды жеткізуге жұмсалады.

"Біз қаржылық институттар мен коммерциялық серіктестерге санкцияларды бұзудан қорықпай гуманитарлық операторлармен жұмыс істей алатынына заңды кепілдік беруіміз керек", - деді Гутерриш.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд кеңеске Вашингтонның АҚШ санкцияларының гуманитарлық әрекеттерге кедергі келтірмеуі үшін қадамдар жасағанын және өтімділік қысымын жеңілдету нұсқаларын зерттеп жатқанын айтты.

"Қорқыту, адам құқығы бұзылғаны туралы бұлтартпас дәлелдер бар. Бұл мемлекеттік билікті нығайту халықты қорқыныш арқылы бақылауға алып келетінін көрсетеді", - деді БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лионс кеңесте.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай