USD
USD
USD

БҰҰ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғамақ

БҰҰ еліміздегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған бағдарламаны іске қосты.

БҰҰ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуроодақпен бірлесе отырып әйелдердің құқығын қорғауды көздейтін аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруды бастады. Спотлайт деп аталатын бастама Орталық Азияның 5 мемлекеті мен Ауғанстандағы қыз-келіншектерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған. Жоба 35 миллионнан астам әйелді қамтиды деп жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты гендерлік теңдік сақталған және зорлық-зомбылықтан ада аймақ құру. Ол үшін азаматтық қоғамның белсенділігі мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызы өте жоғары дейді жоба авторлары.     

 Әйелдер және отбасы-демографиялық істер жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова: "Жоба өте ауқымды. Оны жүзеге асыру арқылы көмекке мұқтаж жандарды қолдай аламыз деп сенеміз. Осы орайда зорлық-зомбылықтың себептерін анықтап, олардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауымыз тиіс. ПРезидент жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық істер жөніндегі ұлттық комиссиясы да жобаға барынша қолдау көрсетеді. Біз Ораталық Азия және Ауғанстандағы әріптестерімізбен диалог орнатуға дайынбыз. Аймақтық серіктестік өз жемісін береді деп сенеміз", - деді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт