USD
USD
USD

БҰҰ: 2021 жылы 235 млн адам көмекке мұқтаж болады

Әлем бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 1 жарым миллионға жетіп қалды.

БҰҰ: 2021 жылы 235 млн адам көмекке мұқтаж болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирустан көз жұмғандар қатары бүгінде 1 жарым миллионға жетіп қалды. Ал қауіпті д дертті жұқтырғандар саны 62 миллионнан асады. Әзірге коронавирусты жою мүмкін болмай тұр. Жер бетіндегі жағдай жантүршігерлік. Қазір әлемдегі ахуалды тек осылай ғана сипаттауға болады. Өкініштісі, мұндай жағдай ұзаққа созылатын түрі бар. Бір ғана мысал. Коронавирус індеті мен әлемде болып жатқан өзге де қиындықтарға байланысты 2021 жылы әлемде 235 миллион адам көмекке мұқтаж болады. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты гуманитарлық басқарма өкілдерінің сөзі.

БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық көмек жөніндегі орынбасары Марк Лоукок: "Биыл әлем бойынша 170 миллиондай адам көмекке мұқтаж болады деп ойладық. Ал 2021 жылы осы көрсеткіш 235 миллионға артады деп отырмыз. Бұл биылмен салыстырғанда 40 процентке көп. Және оның бәрі коронавируспен байланысты", - деді. Бұған сенбеуге себеп жоқ. Өйткені Еуропаның ең дамыған елі Германияның өзінде қазір коронавирус індеті өршір тұр. Жағдайдың күрделі болғаны сонша, жергілікті ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Берлиндегі кейбір жансақтау бөлімдері тіпті науқастарды қабылдауды тоқтатқан. Өзге өңірлердегі жағдай да осыған ұқсас. Дәрігерлер науқастар ағынына төтеп бере алмай, өздері де вирус жұқтырғандар қатарына қосылып жатыр.

Германия канцлері Ангела Меркель: "Берлин мен тағы 62 ауданда орта есеппен 100 мың адамға шаққанда 200 тұрғыннан вирус анықталып жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауда ұстау үшін бұл көрсеткішті барынша қысқарту керек. Пандемияны тоқтату үшін әр адам өз үлесін қоса алады", - деді.

Болгар дәрігерлері де осы бір дерт алдында дәрменсіз күй кешіп отыр. Қараша айында елде вирус жұқтырғандардың саны 3 есеге артып кеткен. Ал 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім-жітім саны бүкіл Еуроодақ бойынша ең жоғары көрсеткіш болып тұр. 

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

исабаева

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

пәтер бағасы

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

есірткі

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК