USD
USD
USD

БҰҰ: 18 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

 Украинадағы соғыстан Африка елдері қатты зардап шекті.

БҰҰ: 18 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлыққа импортталатын бидайдың шамамен 40%-і Ресей мен Украинадан тасымалданады. . Қалыптасқан жағдайға байланысты Африка одағына төрағалық ететін Сенегал президенті Ресейге келіп, Владимир Путинмен астық пен тыңайтқыш жеткізу бойынша келіссөздер жүргізді.

Маки Салл, Сенегал президенті, Африка одағының төрағасы:

  – Африка гуманитарлық көмек сұрап отырған жоқ. Бізге сауда-саттық керек. Біз бидайды сатып алуға қауқарлымыз. Бірақ бұл бағытта кедергілер болмауы тиіс

 Владимир Путин астық тиелген кемелердің Африкаға еш кедергісіз жіберілетінін айтты. Алайда Кремль басшысы ол үшін Украина өз кемежайларын минадан тазартуы керек дейді. Айтуынша, әлемдік нарықтағы қиындықтар пандемия кезінде басталған. Яғни бұл бұрыннан бар мәселе екенін еске салды.  

Владимир Путин, Ресей президенті:

Украинадан өзге елдерге астық алып шығаруға біз кедергі келтіріп жатқан жоқпыз. Оны тасымалдаудың бірнеше жолы бар. Мәселен, Одесса секілді Украина қарулы күштерінің бақылауындағы кемежайлар арқылы неге шығармасқа? Онда барар жолдарға жарылғыш заттар қойып тастаған біз емес қой. Сондықтан тағы да айтамын - миналар залалсыздандырылсын. Ал біз өз тарабымыздан кемелердің халықаралық суда қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етеміз. 

Украина жағы Одесса кемежайынан экспорттың қайта жандануына қажетті жағдай жасауға дайын екендерін айтады. Алғашқы қадам ретінде Киев Мәскеуден тақау маңдағы әскерін әкетуін және шабуыл жасамауға кепілдік беруін талап етіп отыр.

Евгения Филипенко, Украинаның бұұ жанындағы тұрақты өкілі:

– Ресей өкілдері Украинаны айыптап отыр. Олар Африкадағы аштықты Украинадағы қарулы қақтығыстың басталуымен емес, Батыс елдерінің санкцияларымен байланыстырып отыр.

БҰҰ мәліметіне сәйкес, астық құнының мамырдағы индексі кейінгі 14 жылда болмаған көрсеткіштерге жеткен. Бидай осымен төрт ай бойы қымбаттап келеді. Сарапшылардың айтуынша, соғыс жалғасып, Украина мен Ресейден бидай, жүгері мен сұйық майдың экспорты қысқарса, жыл соңына дейін әлемде 18 млн адам аштық зардабын тартуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Депутаттар

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

.

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстан мұнайы