USD
USD
USD

БҰҰ: Сириядағы қақтығыстан босқындар саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін

Сирияда қарулы қақтығыстың өршуіне байланысты 280 мың адам үйлерін тастап кетті, деп хабарлады 24kz.

босқын
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Егер шиеленіс қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, босқындар саны 1,5 миллионға жетуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.

Ұйымның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері елдің тағдырын анықтайтын шешуші кезең келгенін мәлімдеді. Көпжылдық қақтығыстың салдарынан 3 миллионнан астам сириялық азық-түлік тапшылығын сезініп, жеткілікті мөлшерде тамаққа қол жеткізе алмай отыр.

Қазіргі уақытта Сирияда 13 миллионға жуық адам азық-түлік көмегіне мұқтаж. Жағдай күннен-күнге нашарлауда: өткен аптада сириялық көтерілісшілер Алеппо мен Идлиб қалаларын басып алды. Ал жақында оппозициялық күштер елдегі ең ірі 4 қаланың бірі – Хаманы өз бақылауына алды.


Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ