USD
USD
USD

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда жаңа су қоймаларын салуға қатысады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.

Су
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесуде тараптар Ислам даму банкі қаржыландыратын «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. Жобаның бірінші кезеңінде 4 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 4 су қоймасын және 115 каналды реконструкциялау көзделген.

Министрлік мамандары мен БҰҰДБ сарапшылары ғылыми тәсілдерді қолдану, жобаның тиімділігін арттыру шараларын және жұмысқа қатысушы тараптардың өзара іс-қимылын пысықтады. Айта кетейік, биыл шілде айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі жобаға БҰҰДБ-ны халықаралық кеңесші ретінде тарту жөнінде шешім қабылдаған болатын.

«БҰҰДБ-ның қатысуы жобаны жаңа деңгейге шығарады. Ислам даму банкі қаржыландыратын жұмыстар су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Жобаны сәтті орындау үшін нормативтік-құқықтық база жаңартылды, қажетті институттар құрылды, қаржы көздері тартылды. Енді қолға алынған жұмысты соңына жеткізу қажет. Ынтымақтастығымыз тұжырымдамада белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін Ислам даму банкі Астанада су саласын дамыту жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін сатып алу, қаржы менеджменті, адалдық және этика мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізген болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза