16 Тамыз 11:28
...

БҰҰ АҚШ пен Ресей арасындағы диалогты құптап, Украинада тұрақты бейбітшілікке қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Трамп
Фото: twitter.com/WhiteHouse

БҰҰ Аляскада өткен Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуінің қорытындыларын назарға алып, конструктивті диалогтың жалғасуын құптады. Бұл туралы ұйым бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. « Біз АҚШ пен Ресей Федерациясы президенттерінің (Дональд Трамп пен Владимир Путин) Аляскада өткен кездесуінің нәтижесін назарға алдық. Мемлекеттер арасындағы конструктивті диалогтың жалғасуын құптаймыз» деп атап өтті Дюжаррик.

Оның айтуынша, БҰҰ Украинада әділ, жан-жақты және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған барлық маңызды бастамаларды қолдауға дайын. Бас хатшы Антониу Гутерриш та Украинада дереу, толық әрі шартсыз атысты тоқтатуды бірінші қадам ретінде ұсынды. Бұл қадам елдің егемендігі, тәуелсіздігі және халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының тұтастығын сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Еске сала кетейік, 15 тамызда Аляскадағы «Эльмендорф-Ричардсон» әскери базасында Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі өтті. Келіссөздер шамамен үш сағатқа созылды. Алдымен екі президент АҚШ президентінің лимузинінде жеке сөйлесіп, кейін «үшке үш» форматында жалғастырды. Ресей жағынан Юрий Ушаков пен Сергей Лавров, АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио және арнайы өкіл Стивен Уиткофф қатысты.

Кездесуден кейін Путин Украинадағы қақтығысты реттеу негізгі тақырып болғанын атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға шақырды және Трампты Мәскеуге шақырды. Ал АҚШ президенті келіссөздерде белгілі бір прогресс бар екенін, бірақ барлық мәселе бойынша ортақ мәмілеге келе алмағандарын айтты. Кейін Fox News-ке берген сұхбатында Трамп кездесу нәтижесін «10 баллдың 10-ына» бағалап, көптеген ұстанымдар бойынша келісімге келгендерін және Украинаны қатысты шешімдердің Киевке тәуелді екенін жеткізді.