Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Бұршақ жауып, үсік жүреді»: 4 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ж
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 4-6 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда