USD
USD
USD

Бүркіт пен Аишаға айыппұл салынды

8 тамыз күні Royal Tulip Almaty қонақүйінде көптеген қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger орталығының ашылуы өтті.

Бүркіт пен Аишаға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда бургер орталығының ашылуына қатысқан жұлдыздарға айыппұл салынды. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов атап өткендей, ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершіліктен және ірі айыппұлдардан сытылып кету үшін жеке адамдарға немесе әртүрлі жеке кәсіпкерлерге бұл орындарды жалға береді.

«Royal Tulip Almaty қонақүйінде шектеу және карантиндік талаптарды бұзу фактісі бойынша әкімшілік өндірісті қарау барысында мыналар анықталды: шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын ұйымдастырушы – ЖК Култасов Е.М. Royal Tulip Almaty ол азаматқа келісім бойынша жаздық алаңшасын жалға берген», – деді Сәдуақас Байғабұлов.

Жеке кәсіпкерге «Халықтың санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша хаттама толтырылып, шара қолданылды. Айыппұл 230 АЕК-ті (670 мың теңге) құрауы мүмкін.

Сонымен қатар, ол шараға қатысқан әнші Луина мен оның жұбайына, әнші Бүркітке 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде хаттама толтырылғанын мәлім етті.

«Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараның қалған қатысушыларына мониторингтік топ шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, оларға да әкімшілік шаралар қабылданылады», – деді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек

Қазақстанда пәтерде «өндіріс» ашып, мемлекеттік тапсырыс алғандар болған

Ерсайын Нағаспаев

Алматыдағы түсірілім кезінде ондаған адам уланған телехикая Netflix-те көрсетіле бастады

Пойыз