USD
USD
USD

«Бүркіт» мемәуекомпаниясының басшысы ауысты

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының директоры міндетін Еркебулан Оспанов атқаруда, деп хабарлады ҚР президент істері басқармасының баспасөз қызметінен.

«Бүркіт» мемәуекомпаниясының басшысы ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Александр Викторович Дзюба «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының директоры лауазымынан босату туралы арыз түсіріп, өз еркімен жұмыстан кетті. Қазіргі уақытта оның міндетін директордың орынбасары – Еркебұлан Сансызбайұлы Оспанов атқаруда», - делінген хабарда.

Бос лауазымға ашық конкурс жарияланады, оған біліктілік талаптарына сай келетін кез келген адам қатыса алады.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» (Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015 жылғы N 70 бұйрығы) сәйкес өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити