11 Ақпан 12:20
...

Бүркіт: қамауға алынған бауырлар сотталып кетпесін

Фото:

Әнші Бүркіт Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы өнер өкілі Instagram парақшасында жазды.

«Кеше кешке жаңалықтардан Жамбыл облысындағы Қордайдың маңындағы болған оқиғаны көріп, жаным шығып кетті. Бисмилляһ дедім ішімнен. Қанша адам қайтыс болып кетті? Қаншама көліктер жанып, қаншама дүкен-офистер қирап кетті? Ең бастысы, адамның өміріне қауіп төнді. Осының бәрі неден? Бұның бәрі тұрмыстық жанжалдан шығып отыр. 3-4 адамның бірін-бірімен келіспеушілігінің арасында пайда болған жанжал! Бірін-бірі жығып, сүйегін сындырған үшін. Неге?! Түсінбеймін мен. Неге бәрі атысып, көше-көшемен, ауыл-ауылмен қырылысып кету керек?! Басқаның ісі үшін біреу жауап бермейді ғой ешқашан. Жаман халық жоқ. Жаман ниетті адамдар бар. Кез келген халықта бар ондайлар.

Кешірімді болыңдар, бауырлар! Кешірімді! Барлығы заңмен шешілсін. Заңды түрде болсын. Жүгенсіздіктен аулақ болыңдар! Құр босқа сотталып кетпесін мына қамауға алынған бауырлар! Босатылсын! Олар - елім, өз ауылым, өз жерім деп жаны ашыған жігіттер!

Қайтыс болған бауырларымның жақындарына, туған-туыстарына көңіл айтамыз. Бірлік-біздің күшіміз! Бірлікте-барлық құпия! Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деген әнші қазақстандықтарды сабырға шақырды.

Тегтер: