USD
USD
USD

Бұрқасын, көктайғақ: алдағы күндерге арналған ауа райы

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай?

Бұрқасын, көктайғақ: алдағы күндерге арналған ауа райы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет 28-30 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады. Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, елдің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болады. 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Батыста ауа температурасы түнде -5...+6°C-тан 0...+8°C-қа дейін құбылады. Ал күндіз +5...+15°C болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -3...-8°C-тан -3...+5°C-қа құбылады, күндіз 0...+8°C болуы мүмкін. Орталықта түнде ауа температурасы -5...-10°C-тан жоғарылайды, күндіз 0°C-тан -10°C-қа дейін құбылады. Шығыста түнде 0...-7°C-тан 0...-5-ке дейін ауысады, күндіз 5-15°C жылы. Оңтүстікте түнде -5...+8°C шамасында болады, күндіз +7...+15°C жылы болады деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы төмендейді, күндіз 10-18°C-тан 7-15°C аралығында құбылады.

Ірі қалалардағы ауа райына келсек, Нұр-Сұлтанда 28-29 қазанда күн бұлтты, түнде -1...-3°C, күндіз +5...+6°C жылы болады. 30 қазанда қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +2, күндіз +4°C көрсетеді. 28 қазанда Алматыда күн бұлтты, түнде +6°C, күндіз +13°C жылыны көрсетеді. 29-30 қазанда жаңбыр жауады, түнде +5...+6°C, күндіз +10...+11°C жылы болады. Шымкентте 28-29 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +9...+11°C көрсетеді. 30 қазанда күн ашық, түнде +2°C, күндіз +15°C болады.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев