USD
USD
USD

Бұрынғы вице-министрдің жазасы қатаңдатылды

Сотталған бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың жазасы қатаңдатылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бұрынғы вице-министрдің жазасы қатаңдатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс жазаны өтейтін мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық шағымы, сондай-ақ сотталушы мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы уәждерін келтірген өтініштері негізінде қаралды. Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденгендіктен үкімнің күшін жоюға негіз таппады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге қатысты сот үкімі ең төменгі қауіпсіздіктен орташа қауіпсіздікке өзгертілді. Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 27 қазанда Тоқтабаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сотта белгілі болғандай, шенеуніктің әрекетінен мемлекетке 40,6 миллиард теңге зиян келген.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай