USD
USD
USD

Бұрынғы вице-министр Надыров індет жұқтырды

Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Камалжан Надыров коронавирус жұқтырды. Бұл туралы министр Елжан Біртанов хабарлады.

Бұрынғы вице-министр Надыров індет жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Камалжан Надыров Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, оның орнына Людмила Бюрабекова тағайындалған. Ал Надыров Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болады деп күтілген. Алайда бұрынғы вице-министр індет жұқтырып алыпты. Бұл туралы министр Елжан Біртановтың өзі хабарлады.

«Қаланың (Алматының – ред.) командасын күшейту үшін денсаулық сақтау басқармасы басшылығына Надыровты тағайындау көзделген. Алайда кеше түнде оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, емделу үшін ауруханаға жатқызылды.

Камалжан Талғатұлының тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осыған байланысты Алматы қаласы әкімімен келісе отырып, Т.Әбілдаевтың отставкасы уақытша тоқтатылды», – деп жазды Е.Біртанов.   

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.