USD
USD
USD

Бұрынғы вице-министр Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz

Бұрынғы вице-министр Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2021 жылғы 15 желтоқсанда осы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаймыз", - делінген тілшінің сауалына берген ресми жауапта.

Еске салайық, 2020 жылдың қыркүйегінде бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі, "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы" ұлттық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланған болатын. 

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-вице-министрге электрон бақылау білезігі тағылғанын хабарлады. Тергеу мүддесіне сәйкес істің басқа мәліметі жарияланбады.

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер