USD
USD
USD

Бұрынғы премьер-министр ұсталды

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабанов ұсталды.

Бұрынғы премьер-министр ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қумтор» кен орнын игеру жобасының түрлі кезеңінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде Бабановтың ұсталғаны туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оған ҚР ҚК «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша күдікке ілінгені туралы хабарлама берілген.

Қырғызстан ҰҚК өкілі Tengrinews.kz тілшісіне «Кумтор» жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша Бабановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Тергеу барысында алынған дәлелдер негізінде 2021 жылғы 31 мамырда ҚК-ның 319-бабы 2 - бөлігінде («Сыбайлас жемқорлық») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен бұрынғы премьер-министр Бабанов ұсталды», – делінген хабарламада.

Ведомство қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықты тұрақты негізде хабардар ететінін айтты.

Бұған дейін «Кумтор» ісі бойынша бұрынғы премьер-министр Темір Сариевтен жауап алынған болатын. Кейін ҰҚК-де парламенттің бұрынғы депутаттары Тұрсынтай Салимов пен Сергей Ибрагимовтан да жауап алынғаны белгілі болды.

Басылым мәліметі бойынша, 15 мамырда «Кумтор Голд Компани» кеңселерінде тінту жүргізілген. Кейін тергеу шаралары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілгені белгілі болды. ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев «Қумтор» кенішіне қатысты төрт қылмыстық іс бар екенін айтты. Компанияда сыртқы басқарушы ретінде Тенгиз Болтурук тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер