USD
USD
USD

Бұрынғы министр вакцинация төлқұжатынан қате тапты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов вакцинация төлқұжатынан қате тапты.

Бұрынғы министр вакцинация төлқұжатынан қате тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Руслан Дәленов Twitter-дегі парақшасына төлқұжат суретін жүктеді. Онда коронавирус сөзі "о" әрпімен "короновирус" деп жазылған.

"Осындай төлқұжат. Шетелдік достарымызға осыны көрсетеміз", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазір Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары.

Вакцинацияның электрон төлқұжаты дегеніміз - вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Паспорттың жұмыс қабілеті медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асады.

Қазір оқып жатыр

Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салынуы мүмкін

суррогат ана

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дженсен Хуанг

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев