USD
USD
USD

Бұрынғы қорғаныс министріне қатысты іс Астана сотына түсті

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұрынғы қорғаныс министріне қатысты іс Астана сотына түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметі бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты іс материалдары сотқа түскені туралы ақпаратты растады.

"Бұл іс бойынша басқа мәлімет жарияланбайды", - деді әскери соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, биыл 19 ақпанында Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған болатын.

20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов