10 Наурыз 12:07
...

Бұрынғы Қорғаныс министрі не үшін қамалды? Бас прокуратура жауап берді

Фото:

Ақпанның соңында сол кездегі Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің атына ресми сауал жолдап, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты кейбір мәселелерді нақтылап беруді сұрағанбыз.

Бірер күн бұрын ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Б.Мажреновтен жауап келді.

«Бұрынғы Қорғаныс министрі М.К.Бектановқа қатысты келіп түскен сұрау салынуға 2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратурамен көрсетілген тұлғаға қатысты қызметтік әрекетсіздік фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаймыз.

2022 жылғы 20 ақпанда М.К.Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпай шарасы сотпен санкцияланды.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – депті жауапта.

Ресми сауалда Бектановтың нақты қандай әрекетсіздігі үшін айыпталғанын, Қаңтар бүлігі кезінде оның елде болған-болмағанын сұрап, «Қорғаныс министрлігінің басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?» деген нақты сұрақты қоса жолдағанбыз.

Өкінішке қарай, Бас прокуратура әдеттегідей Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабын желеу етіп, істі тағы құпиялап қойды. 

Тегтер: