USD
USD
USD

Бұрынғы индустрия вице-министрі 7 жылға сотталды

Астана соты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты үкім шығарды, деп жазды Stan.kz.

Бұрынғы индустрия вице-министрі 7 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Айыптау қорытындысына сәйкес, вице-министр өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, тікелей келіссөздер жүргізіп, министрлік атынан өзі жетекшілік ететін АҚ-мен Қостанай облысындағы кен орнында пайдалы қазбаларды барлауға келісімшарт жасасқан. Кен орны мемлекетке 40,6 миллиард теңгеден астам табыс әкеледі деп күтілген.

Келісімшарт еншілес компанияға кейіннен жер қойнауын пайдалану құқығын заңсыз беруді көздеген. Тимур Тоқтабаевтың осы ЖШС-де сенімхат арқылы 20 пайыздық үлесінің болғаны анықталды.

Кейін вице-министр кәсіпорындағы осы 20 пайыздық үлесін үшінші тұлғаларға сатып жіберген, 10 пайыздық үлесінің құны 425 миллион теңгеге бағаланған.

"Сотталушы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар