USD
USD
USD

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот тергеуі аяқталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзованың үстінен қозғалған істі қарауды аяқтады.

Ерлан Қожағапанов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сот отырысында тергеудің аяқталғанын судья хабарлады. Сот жарыссөздері 2 мамыр күні түстен кейін басталады.

– Сот тергеудің аяқталғанын жариялайды, енді сот жарыссөздеріне көшеміз, – деді судья.

Бүгінгі отырыста Ерлан Қожағапанов пен Ләззат Көккөзованың адвокаттары бірнеше өтініш білдірді. Атап айтқанда, бұрынғы вице-министрдің қорғаушылары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұрады. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ аталған іс бойынша айыпталушы Ләззат Көккөзованың қорғаушылары 2018 жылы Қазақстан мен Ресей форумын ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалған шығындар туралы елордалық бағалаушылар палатасының маман есебін дәлел ретінде жарамсыз деп тануды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.